Күй аңызы

ЖҰМЫР ҚЫЛЫШ

1838 жылы болса керек. Үзеңгілесі Исатайдан айрылған Махамбет кек алу амалын ойлап, жолға шығады. Барар бағыты – Жайық бойындағы Байбақты елі. Сондағы ойы «тағы да күш жинап, ата жауыма соққы берермін» дейді. Осылайша ел аралап жүргенде бір ауылға түседі. Ауылда Махамбетті іздеуге салған Баймағамбет сұлтан да қонақтап отыр екен. Бір-бірінің есімін бұрыннан білсе де, алғаш жүзбе-жүз кездесуі екен.

Сәл тосылып қалған Баймағамбет лезде ес жиып, «Махамбетті ұстаңдар!» деп бұйрық береді. Тап бергенде ұстатып, қарап отыратын батыр бар ма? Махамбет те қылышын суырып ұмтылады. Төбелес. Қырғын. Махамбет ұсталды-ау деген мезетте, Байбақтыдан өзімен бірге еріп келе жатқан екі жігіт арашалап, ұстатпай топтан шығарып аман әкетеді.

Арада аз уақыт өтіп, ес жиған кезде, Махамбет екі досына риза болып күй шығарады. «Батыр, күйдің аты қалай?» деп сұраған жұртқа: «Мына досымның есімі – Садыр, бірақ жұрттың барлығы оны Жұмыр дейді, ал мына досымның есімі – Қылыш. Жаңа күйім осы екі досыма арналған ғой, ендеше күйдің аты «Жұмыр, Қылыш» болсын» деген екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/05/2024)
Просмотров: 33 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: