Күй аңызы

АҚТАБАН

Еуропа офицерлерінен әскери кеңесшілері бар, бірлі-жарым болса да зеңбірекпен қаруланған, ұзын саны жүз мыңнан артық жоңғар қолы 1723 жылы сәуірде қазақ еліне лап қояды.

Тұтқиылдан шабуыл күтпеген қазақтар ауыр жеңіліс табады. Ел ішіне енген ойрат әскері бала-шағаны да, кәрі-құртаң, қатын-қалашты да аямайды. Жау үш есенің екеуін, яғни бүкіл қазақ халқының үштен екісі харап етеді. Қылыштың жүзіне, найзаның ұшына ілінбеген қалған жұрт жаяулы-жалпылы шұбырып атамекеннен безеді, тарихта «Ақтабан шұбырынды» аталатын босқынға ұшырайды.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде Байжігіт он сегіз жасар жігіт екен. Елмен бірге үрей кешеді, елмен бірге азап шегеді. Бірақ домбырасын тастамапты. Осы кезеңде «Ақтабан» атты күй шығарады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/04/2024)
Просмотров: 41 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: