АЛШАҒЫР мен ШАҒАН Баяғы өткен заманда, Арғынның бір баласы Қуандық болса, сол Қуандықта Алшағыр деген батыр, ал Найманда Шаған деген бір батыр болыпты. Алшағыр мен Шаған қатты дос екен. Жылда жайлауда кездесіп, саятқа бірге шығып, талай дәуренді бірге кешкен қандыкөйлек. Күндердің күнінде Алшағыр жайлауға көшіп келеді. Шаған жоқ. Апта күтеді, ай күтеді. Шаған жоқ. Алшағырдың бәйбішесі бір жамандықты сезіп, атқа мініп Шағанның қонысын аралап шығады. Малдың тұяғы тимеген, тусырап жатыр дейді. Қайтып келіп, «әй, Алшағыр, мен білсем Шаған бір пәлекетке ұрынды, басқа ел пәленбай жайылым ауыстырды, Шағанның жері әлі желінбей тұр. Сен бүкіл әскеріңді атқа қондыр да Шағанды ізде. Шамасы қалмақ шапқан сияқты ғой. Егерде тірі болса, асыл сүйегін құрт жеп жатпаса идерімен Арқаға көшіріп алып кел. Ал егер өлген болса онда анығына жет те қалмақтың шаңырағын ортасына түсір, қанын судай ағыз, ердің кегін ал» дейді. Содан Алшекең қалың қолды бастап досын іздеп шығады. Бәйбішесі біліп айтқан екен. Шағанды қалмақ шауып, барлығын қырып, батырдың басын қадаға шаншып кеткен дейді. Алшағыр жылап-еңіреп, Шағанның басын арулап көміп, содан кейін әскерді тік көтеріп, жау қайдасың деп аттанады. Ақыры қуып жетіп Түйемойнақтың тұсында қалмақты жайғапты. Шағанның жаназасына деп сол жерде бүкіл қалмақты жусатып қырып салыпты. Шағанның әйелі мен балалары қалмақтың телімінде кеткен екен, барлығын азат етіп Арқаға алып қайтыпты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 40 | |
Всего комментариев: 0 | |