Күй аңызы

ҚАРА ӨТКЕЛ

Бөгенбай батырдың жас кезі болса керек. Аңыз бойынша жасы он үш шамасында. Қалың жоңғар қолынан қашқан ауыл бүгінгі Астананың іргесіне келсе керек. Есілдің жағасына таяп қалғанда, бәрі тосылып қалады. Қарсы бетте – долы өзен, артта – жоңғарлар. Алғашқы лек суға түсіп жүзе бастайды, жоңғарлар садақ тартып, көбін атып түсіреді. Өзен қып-қызылға боялған екен. Жылаған әйел, шыңғырған бала...

Жас Бөгенбайдың қасында бір ақсақал тұрыпты. Қолында теріден жасалған қабы бар екен. Қапты Бөгенбайға беріп: «Бар балам, біздің уақытымыз өтті. Енді уақыт сендердікі. Мына жаудан кек алатын бол» депті. Бөгенбай суға жақындай бергенде тосылып қалады. Сонда әлгі ақсақал артынан итеріп жібереді екен.

Судың ортасына теріп қап үстінде жүзіп келіп артына қараса, әлгі шалды жоңғар шауып өлтірген. Жан-жағында да талай өлген адам...

Аңыздарда бұл ойраннан он қазақтың біреуі ғана аман өткен дейді. Халық арасында бұл жер «Қаңды өткел» немесе «Қара өткел» деп атап кеткен екен.

Күйші Таласбек Әсемқұлов елорда ауысқан алғашқы жылдары Алматыдан Астанаға келген сайын осы оқиғаны еске алып жүрсе керек. Аталардың рухына тағзым деп «Қара өткел» күйін шығарыпты.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/02/2024)
Просмотров: 41 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: