ҚАМЫРЫҚТЫ КҮЙ Әр кезде тұтқынға түскен қырғыздардан рулы ел құрылып, уақыт өте келе Найман руының аталығы болып қалыптасады. Сақбике осы Найманның қырғыз аталығынан шыққан. Аңызда жылқы алуға келе жатқан жаудың сарынын сезіп қалып, хабарлап отырған көрегендігі үшін Сақбике атанған деседі. Сақбикенің ұлы Қайдауыл батыр бір жылы қырғызды шабамын деп әскер жинайды. Сол кезде Сақбике «Балам, ер жігіттің үш жұрты болады. Соның бірі нағашы жұрт. Есіңде болсын, сені туған менің асыл тегім – қырғыз. Сен өзіңнің нағашы жұртыңды шабуға бара жатырсың» дейді де, бір қамырықты күй шертеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | |
Всего комментариев: 0 | |