Күй аңызы

МАЙДАННАН ХАТ

Жамбылдық күйші Боранқұл Көшмағамбетұлының үлкен ағасы Мәкен және жиен ағасы Мәйек  Екіншідүниежүзілік соғысына бірге аттаныпты.

Бір сұрапыл шайқаста Мәкеннің жанына снаряд құлап, екі қол мен екі аяғынан айырылып, қаңсырап жатады. Қасында Мәйек қимай қарап тұрғаныңда, командирлерінің "алға" деген бұйрығы келеді.  Мәйек бұйрықты естіп алға ұмтыла бергенде "Ей, Мәйек мені тастап қайда барасың?" деп үн қатады. Мәйек қайта келіп акоптың қараңғы түпкіріне ағасын сүйретіп апарып, басын құбылаға қаратып отырғызып кете бергенде, Мәкен "Ей, Мәйек сен ауылға аман есен барасың ғой, ауылда бауырым, жеткіншегім Боранқұлым қалды соған сәлемімді осылай жеткіз" деп бақұлдасыпты.

Мәйек ауылға аман есен жетіп сәлемін дәл солай жеткізеді.

Бір баласынан айырылған Көшмағамбет ақсақал Боранқұлдың жасын бес жасқа кішірейтіп жаздыртып соғыстан алып қалған деседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/01/2024)
Просмотров: 47 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: