АЙДА БҰЛБҰЛ, АЙЖАН-АЙ! Дәулеткерей өзінің әкімшілік жұмысын жиып қойып, енді біраз уақыт Құрманғазымен бірге ел аралап, күй тартып жүреді. Бір осындай сапарда екі алып сол өңірге атағы шыққан Айжан қыздың үйіне барады. Ол өзінің көпке жайылған «Айжан қыз» атанып кеткен күйін тартады. Құрманғазы Айжанның тартысына риза болып кетіп, қолына домбырасын алып, бір жаңа күй шертеді. Дәулеткерей тұрып: «Құреке, мынауыңыз бұрын-соңды естілмеген күй екен, аты не болады екен?» дейді. Құрманғазы: «Бұл мына Айжан бұлбұлға шығарғаным ғой!» — дейді. Сол арада Дәулеткерей: «Онда бұл күйдің аты «Айда бұлбұл, Айжан-ай» болсын», — деп күйге ат қойса керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 41 | |
Всего комментариев: 0 | |