Күй аңызы

АҚҚАБАННЫҢ ТОЛҚЫНЫ

Бұхтарма атты өзеннің жағасында тұрған, Керей руындағы тамаша сыбызғышы Мұса туралы айтылады. Ол өзінің жалғыз қызын «Марқакөл» көлінің жағасында тұратын бір қазаққа күйеуге ұзатып, оның жасауына өзінің сүйікті атын береді. Жат жерде ақылды жануар сенделіп жүреді. Бір күні Мұса қызының жағдайын білуге «Марқакөлге» бара жатып жолшыбай «Аққабанның толқыны» атты күйін ойнағанда, жасауға берген Мұсаның аты үйірінен бөлініп шығып, кісінеп ауылды айналып шауып жүреді.

Иесіне шын берілген ат, Мұса ауылға келгеннен тыным таппады. Мұсаның ойнаған сыбызғысының үніне дағдыланып қалған ат, иесінің дауысын он шақырым жерден естіп білді. Асыл мінезді жануардың

тынышсыздануын білетін Мұсаның қызы мұны көргенде үйішіне «Сірә менің әкем келе жатқан болар, біздің аттың ойнақшып айнала шабуы тегін емес» – деген екен дейді.

Күйді тартушы Оспанғали Қожабергенов.  Тұңғыш рет сыбызғы класы ашып, 1959-1961 жылдары Алматы консерваториясында сыбызғы мамандығы бойынша сабақ берген өнерпаз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/11/2023)
Просмотров: 47 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: