Күй аңызы

ШЫРЫЛДАТПА

Патшалық Ресейден сауға сұрап, қамқорлығына үміттеніп бодан болған Кіші жүз қазақтары арада ғасырдың жүзі өтер-өтпестен қорлық пен зорлық, қанау мен тонаудың адам төзбес сұрқиялығына тап болады. Еділ мен Жайықты ен жайлаған қалың елдің іргесі түріліп, Үстірт пен Ақтөбенің бозаң даласына ығысқан. Рулық пәтуа-бірліктің шырқы бұзылып, әркім өз басын күйттеген күйге түседі. Тағдыры жатқа тәуелді елдің өрісі тарылып, баққан малының сүмесіне жарымай, қайыршылыққа ұшырайды.

Осы кездің ахуалын Қанайұлы Шортанбай жырау мен Мөңкеұлы Мұрат жырау жырлайды.

 Шұрайлы жерінен айырылып, малының өрісі тарылған соң көшпелі ел тыныс-демі тарылғандай болады...  салық салады... бекіністер салу үшін және әскери экспедиция шығыны үшін қазақ ауылдарының малдарын қоралап айдап кететін болған. Мәселен, Аралдың батысын қоныс еткен бір ғана Шекті руынан 1847 жылы 3500 түйе, 1853 жылы 8285 түйе жиналды. Патша орташыларының әдбен дәндегені сонша, сыңсып жатқан Шөмекей, Шекті, Төртқара, Шөмішті, Табын руларының қыстауларын Ембі мен Аралға салынған өкімет бекіністерінің мұқтажы үшін тартып алады. Қасқыр шапқан қойдан иірілген халықтың барар жер, басар тауы қалмайды.

... Шекті руы 1853 жылы дүр етіп көтеріліп, қарулы ереуілге шығады. Халық қозғалысын Көтібаров Есет бастайды. Серікбаев Бекет, Кенжалин Ерназар сияқты халық арасынан шыққан қаһарман батырлар Есетке үзеңгілес серік болады.

... Найзакен құмына тығылып отырған Бекет батырдың ауылын жазалаушы отряд басып қалады. Бекеттің әйелі мен алты баласы тұтқынға алынады. Бұл оқиғаны естіген Бекет батыр жанұясын құтқару үшін сенімді серіктерімен атқа қонады. Сонда Бекеттің батыр ағасы тоқтау айтып, ақыл береді. «Ай, Бекет, сөзіме құлақ сал, - дейді Ерназар, - бір айдың жартысы жарық, жартысы қараңғы емес пе. Жарығында жүрдік, ерге лайық қайрат көрсеттік. Қолдан келер жерде тартынғанымыз жоқ. Енді міне, ай қорғалап, өолдан келмес іске тірелдік. Мұндайда ер серігі ақыл болар. Қаныпезер кәпірлер қапысын тауып, бала-шағаңды кепілдікке алған екен. Енді күш көрсеткең, жанұяңның обалына қаласың. Өкше басар ұрпағыңды шырылдатпа!».

Ерназардың «Ұрпағыңды шырылдатпа» деген ағалық ақылына Бекет батыр тоқтайды. Жанындағы серіктерін қалдырып, бойындағы қаруын тастап, бала-шағасына сауға сұрап, өз еркімен қолға түседі.

Патша отаршылдарынң күткені де осы. Көтерілістің ініне біржолата су құю үшін Ақтыбай, Құлшық, Ерубай сияқты батырларды ату жазасына бұйырып, 1857 жылы Бекет бастаған он сегіз адамды Сібірге жер аударады. Осы уақытта «Бекет батыр» атты тарихи эпос дүниеге келеді.

Осынау қаңқасап оқиғасын ішінде болғандардың көз жасын көріп өскен Қазанғап күйші кейін өсе келіп, Бекет батырдың бала-шағасын шырылдатпаймын деп өз еркімен қолға түскен ерлігіне арнап «Шырылдатпа» деген күйін шығарады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/10/2023)
Просмотров: 51 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: