Күй аңызы
АЗАПКЕР Т. Әсемқұлов отан үшін от кешкен, аянбай еңбек еткен ерлерді әрдайым еске алып отыратын. Осындай бір сәтте АЗАПКЕР (2006 жылы) күйін шығарса керек. Күй - Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған Алаштың аяулы ұлдарына арналады. Елі үшін шаһит болған ұлт көшбасшыларының рухтарына тағзым. Күй бірнеше рет үш мәрте қайталанған музыкалық фразалардан тұрады. Жетім перне мен шешен перне арасында жалғасқан азынаған әуен. Шағырмақ перне қосымша дыбыс ретінде ғана кездеседі, ал емірелі пернені қолдану арқылы күй бойынан оптимизмді көрсету үшін пайдаланса керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 52 | |
Всего комментариев: 0 | |