Күй аңызы

ЕРКЕ СЫЛҚЫМ

Осыдан шамамен 60-70 жыл бұрын болған оқиға. Жас жігіт көрші қызды ұнатып қалады. Айтайын десе - ұят. Күнде көріп жүрсе де, тіл қата алмай жүре береді. Осылайша біраз уақыт өтіпті. Күндер батып, таңдар атады. Әлгі көрші қыз ажарлана береді. Жігіт болса әдеттегідей үнсіз.

Бір күні көрші үйде абыр-сабыр басталып кетті. Қайнаған қазан, асылған ет... Көршілер біреуді күтумен жүр. Әлгі сезімі тасыған «үндемес» жігіт көрші үйге жақындады. Есік алдында ойнап жүрген кішкентайды шақырып алып:

- Үйіңе біреу келе ме? Бәрі жүрігіп жүр ғой, - деп сұрайды.

- Ия, әпкеме сырға салуға келейін деп жатыр.

  «Үндемес» жігіт абдырап қалды. Өзінің ғашығы екенін бірден сезді. Балаға лям-мим демей, үйіне қайтып есік алдында ұзақ отырды. Түрлі ойлар келіп жатыр. «Алып қашайын ба? Жоқ». «Мүмкін әке-шешесі келісім бермес. Онда осылай дайындалмас еді ғой». «Мүмкін... мүмкін...»

Біраз уақыт өтті. Сырға салу, ұзату, үйлену тойы... Бәрі де «үндемес» жігіттің көз алдында өтті. Осының бәрін көріп, көкейіне түрлі әуен-саз келе бастады. Бұны ол домбыраға салып, шерін тарқата бастады. Ел арасына бұл күй «Ерке сылқым» деген атпен таралып кеткен екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/05/2023)
Просмотров: 64 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: