Күй аңызы

ТОЛҚЫНДА

Арал теңізінде болған оқиға ізімен шыққан. Әкесі Шаңбатыр Бақытты жас кезінде өзімен бірге теңізге алып шығады. Жарты жолға келгенде теңіз көтеріліп, кейін қайтуға мәжбүр болады, тулаған толқынның кесірінен жағалау да алыстап кетеді. Қайық болса қолдан шабылған шағын ғана мүлік екен.

Содан қайыққа кірген суды бір қолымен төгіп, бір қолымен ескекті есіп жағалауға асығады. «Баланың ажалына қалам ба?» деген үрей бойын билеп, Шаңбатырды мазалап теңізбен көп арпалысады. Ақыры алла тілегін беріп, жағалауға да жетеді. Жағаға бір бойлайтын жер қалғанда қайықты қарақұсынан ұстап сүйреп шығады. Сөйтіп баласы Бақытты аман алып қалады.

Бұл оқиғаны Шаңбатыр баласына айтып отырады екен. Содан Бақыт Басығараев осы оқиғаны есіне алып, әкесінің ерлігіне разы болып осы бір сезімшіл, философиялық күйді шығарады

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (24/04/2023)
Просмотров: 63 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: