АЛМАЖАЙ Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып айтты дейді: "Менің Алмажайымдай ат бар ма. Осы атымның шабысын айтып берген күйшіге ат басындай алтын жамбы тігем" деп. Міне, мынау сол Алмайжайдың шабысы екен. Бүкіл дала шыркөбелек айналып Алмажайдың тұяғының астына түсті. Қанша шапсаң да шетіне жете алмайтын сахара… Сол сахараның, сол кең дүниенің шетіне жетсем деп аңсап шапқан, талмай шапқан жүйрік Алмажай… * * * АНА ЗАРЫ Атақты "Салтанат" күйінің авторы Төлеген Момбековтың немере ағасының аты - Сыпабек. Соғыстан кейінгі ауыр жылдары Төлеген осы ағасының қолында тұрған. Жеңгесі Назымның қамқорлығын көп көрген. Аяулы жары Пернеш те осы ағасының босағасына келін боп түскен. Сыпабектің ұлы Кәдірбек аяқ астынан ауырып дүниеден озады. Жақсы көретін інісінің қайғысы Төлегеннің жанына батады. Кәдірбектің жаназасында жеңгесі Назым жоқтау айтып елдің сай сүйегін сырқыратады. Сонда Төлеген қарқаралы жеңгесіне басу ретінде осы күйді шерткен екен. Күйдің алғашқы аты «Назымның зары» деп аталған. Кейін күйтабаққа «Ана зары» деген атпен жазылды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 75 | |
Всего комментариев: 0 | |