ҚАРА ЖАЯУ Боғда күйші халықтың әйгілі батырлары Исатай, Махамбет сияқты азаматтармен дәм – тұзы жарасқан, қадірлес – сыйлас болған. Мұнысы, бір жағынан, Боғда күйшінің рухын өсіріп, жан – дүниесін кеңейтіп, халқының тағдырына жаңашыр етсе , екінші жағынан, зардап та шектірген. 1836 – 1937 жылдардағы Тайманұлы Исатай мен Өтемісұлы Махамбетке жуық болған талай адамның шаңырағы ортасына түсіп, талайлар түрменің тар қапасында өмірлерін өксітеді. Осындай сүргін кезінде бір – біріне тізе қосқан Жәңгір хан мен Қарауылыққожаның ұзын құрығы Боғдаға да жетеді. Ер жеткен баласы мен келінін өлімші етіп сабап, байлап әкетеді. Боғданың өзіне дер кезінде хабар жетіп, содан тау қуысына тығылып аман қалады. Бұл қорлықты көрген соң, күйікке шыдамай Боғданың қарт анасы дүние салады. Сөйтіп, мал мен жыннан айрылып, құр сопа басы қалған Боғда домбырасына мұңын шағып «Қара жаяу» атты күйін шығарады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 76 | |
Всего комментариев: 0 | |