ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖОЛДЫ ҚОҢЫРЫ «Жолаушының жолды қоңыры» - екі тараулы күй. Сүгірдің Мәфруза қызбен тартыс үстінде шығарған күйі. Сүгір өзі шерткенде «Жігіттің тартқаны», «Қыздың тартқаны» деп жіктеп отырған екен. Мафруза күйші мен Сүгірдің арасында сөз салу, уағда байласу сияқты жағдайлар мүлде болмаған. Ол ескінің жолымен атастырылған жеріне ықтиярымен ұзатылған. Бұл туралы кезінде Ақселеу Сейдімбек: «Ел аузында Сүгір мен Мақпузаны ғашық етіп қоятыны, содан уәде байласқан қос ғашықтың армандарына жете алмай қалатыны сол ауыздан-ауызға көшкен әңгіменің түрленіп-құбылуының жемісі. Ақиқатында Мақпуза қыз Найман ішіндегі Бағаналылардың төрт босағасының бірі аталған Бабырдың өсіп-өнген балаларының біріне атастырылып, өзінің ерік-ынтасымен ұзатылған. Мақпузадан өрбіген ұрпақ Ұлытау төңірегінде ондап саналады» - жазған еді (Қазақтың күй өнері, монография, «Күлтегін» баспасы, Астана, 2002. 647-бет). баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 88 | |
Всего комментариев: 0 | |