САЙРА БҰЛБҰЛ Ыбрайымхан күйші Голощекиндік асыра сілтеу саясатының кесірінен бай, болыс тұқымы қатарында қудаланып, амалсыз Қытай жеріне ауады. Сонда оқып, білім алып, мал дәріген болады. Жүрген жерінде домбырасын тастамайды. Бірде Шыңжаңнан шығып, Жын-Жын-су деген өңірдегі Хансу қаласына барып, қызмет бабымен кері қайтып келе жатқанда, Көне Тұрпан деген жерге тоқтайды. Сонда аудан басшысының үйінде болады. Әлгі кісінің бір топ сайрабұлбұлы бар екен. Бақтың ішінде ұшып, қонып жүрген сайрауық құстардың үні де, түгі де керемет қызықтырады. Бір күні таңертең домбырасымен әлгі баққа барып, сайрабұлбұлдың үніне сүйсіне құлақ түре отырып шығарған күйі екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 81 | |
Всего комментариев: 0 | |