ЖҰРТТА ҚАЛҒАН 1916 жылы 25 июньде "бұратана" халықтан тылдағы қара жұмысқа адам алу туралы патша өкіметінің жарлығы шықты. Орданың құрамына кіретін болыстар бұл жарлыққа бас көтеріп наразылық білдірмек болып еді, бықпырт тигендей ғып келе жатқан жазалау отрядтарының сұсына төтеп бере алмай, бір жағы байлардың сатқыдығынан опық жеп, ұйымдасып қарулы қарсылық көрсете алмай, зәресі ұша Қарақұм жағына қарай дүркірей көшкен-ді. Қазанғаптың көшуге көлігі жоқ, жұртта қалып қояды. Өзі тізімге ілігіп қашып жүрген жігіттерге барып қосылады. Ауыл орнында жұмысқа жарамсыз кәрі-құтан, қатын-қалаш, бала-шаға қалған еді. Халықтың көтерілісі аяусыз басылған соң, қан қақсап, тоз-тоз боп, босып кеткен көз жасы көл елді көріп, жер болған ерді көріп Қазанғап сол бір ауыз күндер хикаясын шертетін жаңа "Жұртта қалған" атты күйін шығарған екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 81 | |
Всего комментариев: 0 | |