Күй аңызы

ЗАМАН-АЙ

...Айдаудан туған елін, жерін аңсап, сағынып келген Сейтек, ауылдағы жора-жолдастарын аралап, өзінің сүйікті өнері домбырасын тартып, біраз уақыт тыныштық өмірде болады.

Сейтектің айдаудан оралу хабары бұл аймаққа тез таралады. Халық лек-легімен жиналып, оның күйін тыңдайды. Алыс сапардан, ауыр жолдан қайтқан Сейтек, енді күй үстіне күй қосады. Айдау, түрме, көрген қорлық, туған жер, ұшқан ұяны сағынған жүрек – бәрі қосылып, домбыраның көмейінен толқындалған күй болып төгіледі. Алқақотан отырған әлеуметіне Сейтек: «Аман-есен оралғаныма қуанамын. Сендерді көріп, алдарыңда күйімді тартқаныма мақтанамын. Халық тұрғанда, он саусақтың өнері тұрғанда, Сейтек әлі сіздермен бірге болады. Сонау Сібірде жүргенімде біраз күйлер шығып та қалып еді, соның бірін тыңдаңыздар» - деп домбырасын қаға береді.

Домбыраның қос ішегінен күңірене шыққан қайғылы үн, әр пернені басқан сайын саусақтарының астынан естілген зарлы саз тыңдаушылардың жан дүниесін тебірентеді.

Әсіресе, күйші қолы домбыраның ортаңғы және саға бөлімдеріне қарай барғанда шығатын ащы дыбыстардан, адамның ашулы кегі, ашынған ызғарлы үні естілгендей болады.

Сейтектің сондағы тартқаны «Заман-ай» күйі еді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (23/01/2023)
Просмотров: 90 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: