ҰРШЫҚ КҮЙІ ...Құлшар келе жатып бір қара төбені көреді. Кірсе ұршық үйіріп кемпір мен қыз отыр екен. Амандасып, Құлшар да жайғаса отырады, сусын ішіп біраз отырған соң, бұрыштағы домбыраны алып, төгілте жөнеледі. Күй тартылып болған соң: - Өзің бір есерсоқтау тентек адам екенсің, мына тартып отырғаның Терісқақпайма не өзі, - деп, кемпір сөйлейді. - Білмеймін шешей әйтеуір тартып жүрмін, - дейді Құлшар. Сонда кемпір: - Әкел домбыраны бері, менің бұл жас кезімде тартқан күйім еді тентектен тез хабар деген, еліңе барған соң мынау жаман кемпірдің «Ұршық күйі» деп тартарсың, - деп, күйді тарта жөнелген екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 85 | |
Всего комментариев: 0 | |