Күй аңызы

БЕЙЖІН САРЫ АТАН

Ертеде малмен ғана күнін өткізген қазақ халқы тіршілікке қажетті басқадай заттарды алу үшін басқа елдермен сауда-саттық жасап тұрған. Басқа елдерге малдың даяр шикізатын бергенде ол елдерден әртүрлі бұл, шай, қант сияқты өнімдер алған. Сондай сауда-саттық жүргізген қалаларының бірі – Бейжін (Пекин) болса керек.

Бейжінге дейін түйемен барып қайтатын болған. Сауда-саттық жасау ниетімен аттанған бір топ керуен талай шөл-белді басып ұзақ жол жүреді. Адамдар да қажиды, малдар да жол-жөнекей бірлеп-екілеп өліп те отырады. Қажыған керуен жол ортасынан астық-ау деген мөлшерде тағы тынығады. Керуеншілер түйені матап-байлап, жүктерін жиып тастайды да өздері ұйықтайды. Керуеншілер жол бойында артына жиі-жиі қарап, ұзақ жолды боздаумен өткізген сары атанды «осы қашып кетуі мүмкін» деп ойлап, жүгімен қойып, мұрындығынан қазандай тасқа байлап тастайды.

Түн ортасы болған мезетте сары атан байлаған тасты тісімен көтеріп жүгімен қашады. Өскен жерін сағынған сары атан осылайша оралады. Түйенің туған жерге деген сағынышына таңданған сыбызғышы осы күйді шығарыпты.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/01/2023)
Просмотров: 83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: