ҚЫЗЫЛМОЙЫН Байжігіттің мол мұрасын негізінен оның ізбасар шәкірті, әрі дәулескер домбырашы, әрі арқалы күйші, Қызылмойын Қуандық дейтін адам иеленіп қалады. Ұстазының үш жүз күйін түгел тартатын Қуандық өз жанынан тоқсан күй шығарыпты дейді ел әңгімесі. Біздің заманымызға Қуандықтың «Қоскөмей-терісқақпай», «Шыңырау» сияқты күйлері ғана жетті. Бұдан соңғы жерде Байжігіт күйлерін Қуандыктың күйеу баласы Кенжебай домбырашы сақтайды. Қуандықтың тағы бір қызын әйгілі Тәттімбет алған екен. Халық аузында Кенжебай мен Тәттімбеттің күй айтысы туралы әңгіме сақталған. Кәрі қайың атамен жас күйеу бала әуелі өз күйлерін тар-тысады. Жеңісе алмапты. Тәттімбет «Қосбасармен» (қайсысы екенін кім білсін), Қуандық «Қоскөмей-Терісқақпаймен» түйіндейді. Бұдан соң екеуі де көне күйлерге ауысқан екен. Қуандық қолы қыза келе Байжігітке көшкен кезде Тәттімбет «Ата жол сіздікі» деп тоқтапты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 83 | |
Всего комментариев: 0 | |