ҚОҢЫР ҚАЗ Жабайы қаздар күзде жылы жаққа ұшуға дайындық барысында өздерінің ауру және әлсіз үзеңгілестерін әдейі өлтіреді екен. Бұл табиғат заңы. Ауру, әлсіз құс өзіне ғана емес, барлық топқа зиянын әкеледі. Бірде Жүнісбай күйші қамыс арасында қанаты дұрыс бітпеген қазды тауып, оны аяп, үйіне алып келеді. Кейін сол жерге қаз да ұшып келеді. Бұл еркек қаз екен. Ол күйші тапқан ұрғашы қазды әдейі қамыс арасында жасырып жүрген көрінеді. Күйші құстың қанатына жағу үшін басқа ауылдан май алып келуге кеткенде, үйде тумаласы келіп қазды көреді. Бишара қазды көріп, қиналмасын деп бауыздап тастапты. Үйден шыққан қан-қан қауырсындарды көріп, қаңқылдай, сол жерде ол да өліпті. Кейін жайлаудан қыстаққа көшкенде күйші жаңа күй шығарыпты. Күйде қаздың суда жүзгені, қаңқылдағаны, ұшқаны бейнелеген екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 83 | |
Всего комментариев: 0 | |