ҚҰС ҚАЙТАРУ Қазанғаптың Үсен төренің аулында қонақ болып жатқан кезі. Үсеннің мәпелеп баптап отырған ителгісі бар екен. - Жалығып жатқанша бой жазып, ителгіні аңға салын, сынап қайтайық. Ителгі деп біреу сыйға тартқан еді, бірақ бөктергіге ш атыс болмаса қайтсін, - дейді де Қазанғапты ертіп, құс салуға барады. Айтқандай-ақ, Үсен төренің ителгі деп асырағаны бөктергі тектес құс болып шығады. Еркіндікке шыққан бөктергі аспанда біраз қалықтаған соң тоғайға сіңіп, қарасын көрсетпей кетеді. Үсен төре құсты әрі қуады, бері қуады. «Қиту-қиту, қайт-қайт» деп шақырса да, құсиесіне қайтып оралмайды. Бөктергіні қуа -қуа шаршап шалдығып, астындағы аты болдырып, Үсен төре үйіне келеді. - Бөктергіні асырап опа таппайды екенсің, еңбегің еш болады екен. Опасыз неме мені қонақтың көзінше жерге қаратып кетті-ау, - деп тамақ татпай, көңілінің қошы болмай Үсен төре жатып қалады. Үсеннің көңілін сергітейін деген оймен Қазанғап: - Төре, жақсылықты білмеген ит пен құсқа соншама қапаланып қайтесің. Ондайлар адамда да кездеспей ме? Сондайдың бәрін теріп жүру төре басыңызға лайық болама? - деп басу айтып, күй тартады. Бұл көңілді күйді тыңдағаннан кебін ашуы тарқап, сабасына түскен Үсен төре: - Қарағым-ай, зейілімді бір аштың-ау, ит пен құсы құрысын,- деп Қазанғапқа риза болған екен (айтушы – Бақыт Басығараев). баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 92 | |
Всего комментариев: 0 | |