ТАНСАҢШЫ Әділеті жоқ өктем күш шырмап жатқан заманда ел үшін егеске түскен нар ұлдары болған. Солардың бірі – Жайыр. Егескен жерінен есе қайырмай қоймайтын ол бір жолы Қобықты басып жатқан Қытай уаңдары мен монғол күздейлердің қырына Жайыр да ілініп қалады. Бір айғыр үйірі жоғалып кеткен күзде жылқысын Жайырдан көріп, ұстап алып ұрып, қинап, дүрелеумен еріксіз алдым дегізеді. Иең кім десе, «Бейсенбі» дейді. Жайырда көп жылқы мен айып-анжаны төлейтін мал жоқ. Сондықтан Жайырды айдап, Бейсенбінің алдында кесім айтқызып, төлетіп алуға әкеледі. Бейсенбі Күздейдің алдында ұрыдан жауап алудан бұрын домбыраны алып күйлейді. Жайыр домбыра шынағынан төгілген «тансаңшы, қайсар тансаңшы!» деген күмбірді тап басады. Бейсенбі күйдің тілін ұқтың ба дегендей әуендеп тұрған күйдің әредігінде Жайырға көз қиығын тастаған екен. Жайыр ұзын қара мұртының шалғысын қайыры салып, сақалын салалап, кеудесін кере түсіпті. Күй тілін қалтқысыз ұққанына көзі жеткен би Күздейдің алдында ұрыдан мықтап жауап алады. Жайыр жылқыны алмағанын, Күздейдің жолсыздықпен байлап сабағанына шыдамай алдым деп, еріксіз мойындағанын айтып, би алдында Күздейге есе бермепті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 100 | |
Всего комментариев: 0 | |