Күй аңызы

МЕРЕКЕ

Мырза 25-30 жастар шамасында болса керек. Өнерін ұштап ел аралап жүрген Мырза, ауыл шетіндегі бір үйге түседі. Сөйтсе әлгі үйде шілдехана тойы болып жатыр екен. Қыз-келіншектердің сыңғырлаған күлкісі, Мырзаға еріксіз домбыра алғызады. Тойға риза болған Мырза бір күй тартады. Жұрттың бұл қандай күй дегеніне, тойдың сәні қыз-келіншектің күлкісі, шыны-аяқтың сылдырлаған дыбысы емес пе? Тойға тарту болсын бұл күй «Шыны-аяқ тастар» деген екен. Той думанда жиі орындалатын күй болғасын халық оны «Мереке» (кей дерек бойынша «Терісқақпай») атап кетіпті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/11/2022)
Просмотров: 88 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: