КӨНЕ ТАРАЗ «Көне Тараз» күйінің тарихы 1986 жылдан бастау алады. Ел тарихындағы ауыр оқиғаның бірі желтоқсан көтерілісі болғаннан кейін көңілім жабырқап, елге қайтқым келіп жүрген кез еді. Сол уақытта «Көне Тараз сағынышы» деген күй жаздым. Жалпы күйдің өзі жарыққа толғанып, тебіреніп, сағынған кезде шығады ғой. Сол уақытта ежелгі Таразды көз алдыма елестетіп, маң-маң басқан түйелер, қазақтың ғанибет заманы, жазира даласы, үлкенді сыйлап, кішіге ізет танытып, бір-бірін риясыз шынайы құрметтеп, жаз жайлауы, қыс қыстауы болған керемет шағын, Шахристанға келе жатқан керуендерді ойлап, көне заманнан бастау алып шығардым. Бұл жаққа келгеннен кейін Жақсылық Сәтібеков ағамыз «Аман, сен қазір туған жерде жүрген жоқсың ба? Сондықтан күй атауындағы сағыныш деген сөзді алып таста» деді. Солай ағаның ақылымен күй «Көне Тараз» деп аталып кетті. 1986 жылы шыққанымен, мен ол күйді тығып тастадым. Оңашада өзім ғана тартып, нотасын жазып, сандыққа салып қойдым. Кейін біреулер тауып алып, ойнайды ғой деп ойладым. Сөйтсем, ешкім іздемейтін көрінеді. Елдер келіп жатыр, өмірден өтіп жатыр. Біреуді біреу іздеп жатқан ешкім жоқ. Қой, күйімді насихаттайын деп 1993 жылы композитор Бағлан Омаров екеуіміз отырып, эстрадалық түрде дәстүрлі музыкаларды қосып жаздық. Ертеңінде бірден стадионда халықтың алдында ойнауға кеттім. Содан бері сахнадан түспей келе жатыр. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 115 | |
Всего комментариев: 0 | |