САРЫАРҚА САПАРЫ Теріскей Сарыарқамен жапсарлас жатқан ел, ежелден кіндігі бір ағайын жұрт. Жазда малшылар жайлауға арқаға көшеді. Төлеген де концерттік сапармен Ұлытау, Жетіқоңыр, Жаңаарқа жеріне көп барған. Сол жердегі күйшілермен араласқан. Сайдалы сары Тоқа күйлерінің шебері Мұхаметжан Тілеухановты ерекше жақсы көрген. Дәулескер күйші Мұхаметжан Төлеген күйлерін алғаш насихаттаушылардың бірі. Осындай тамаша сапарлардың бірінде Төлеген Момбеков «Сарыарқа сапары» атты екі тараулы күй шығарады. Күйде арқа елінің көркем табиғаты бейнеленген. Мұхаметжан бұл жөнінде мынадай естелік айтады: «Созақ елі Жаңаарқамен ежелден аралас. Созақ ауданы мал шаруашылығымен айналысқан, жазда малды арқаға айдайды. Малшыларға мәдени қызмет көрсету мақсатында Төлеген Момбеков те ілесе жүретін. Арқаның елі Төлегенді хан көтере қарсы алатын еді. Ат мінгізіп, шапан жабатын. Сол бір әсерден Төкең «Сарыарқа сапары» деген екі тараулы күй шығарған еді. Қасында болып, үзеңгі жолдас болып бірге жүрген кездерім болды. Осы сапарда шығарған күйлерінен Тоқаның сарынын да аңғарғандай болатынбыз, Тотаң шерткен күйлердің ішінде «Сарыжайлауды» ерекше ұнататын». баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 96 | |
Всего комментариев: 0 | |