Күй аңызы

СЫЛҚЫМ ҚЫЗ

Кешқұрым. Ауыл маңы. Қыз-бозбала жиналып ақсүйек ойнап жүр. Бәрінің көңілі көтеріңкі. Мамыражай уақыт.

- Әй, күйші, көрсет өнеріңді, - деді қалың көптің арасынан. Бұл уақытта бәрі жиналып, өнерпаздардың өнерін тамашалауға көшті.

Бірінен соң бірі күй төгілді. Ауыл маңына тыныштық орнады. Бәрі күйшіні тыңдап отыр. Бұл күйші Қыздарбек еді. Орта жастағы өнер иесі қашан да бабында жүреді. Тек жалғыз басты. Сондықтан Қыздарбек жұпыны киінетін, үсті-басына қарамайтын күтімсіз кісі болса керек.

Бір уақытта жаңа бір күй бастады. Бұрын естімеген әуен. Жаңа сарын. Жаңа көңілді саз. Орындарында отыра алмаған қыздар, тұрып билей жөнеледі.

Сонда Қыздарбектің күйшілігіне тәнті болған қыздар оның салақ жүрісіне көңілі толмай: - Қыздарбектің екі қолын кесіп алып, қалған денесін итке тастаса болмай ма? – деген екен.

Ел арасында бұл күй «Сылқым қыз» деп аталып кетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/10/2022)
Просмотров: 95 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: