Күй аңызы

ҚОШТАСУ

Қожеке күйші ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Шығыс Түркістанның Алтай, Тарбағатай, Боро-Тала және Іле аймағын көп аралаған екен. Осы адам күй шерткенде айналадағы естіген ел-жұрт тегіс жиналып, күй тыңдайды екен. Кейде артынан қалмай еріп жүретін болыпты. Жылап отырып алады екен. Манчжурия империясының тұсындағы ел тағдыры, жер тағдыры, күйінген елдің болашағын күй арқылы түсіндіргенде, тыңдаушылар арасынан жылап-сықтайтындар, аһылап-үһілеп ауыздарынан әртүрлі сөз шығатындар көбейіпті. Мұны жергілікті Өкіметке жеткізетін алаяқтар мөлдіретіп, түрлентіп, мың құбылтып жеткізгендіктен жергілікті Өкімет пен Қожеке күйші арасында саяси қақтығыстар басталады.

Жергілікті Өкімет Қожекеге бірнеше рет ескерту жасайды. – Үкіметтің не жұмысы бар жай күйшіде? – «Домбыраңды таста, күйіңді тартпа, елді жинап алып, Үкіметке қарсы шығып жүрсің» дейді ғой. Күй тартқаннан басқа жазығы жоқ. Ел тарт деп, қаумалаған соң тартады да бейшара. Жазықсыз Қожекені бірнеше рет абақтыға да жабады. Осыған ашынған ел де, күйінген Қожеке де күй шертуді мүлде тоқтатпай, жасырын жағдайға көшеді.

Алайда бұл да қайта-қайта ашылып қалып, Өкімет қаһарына мініп, Қожекені ұстап, қазіргі Іле аймағы, Күре деген жерде отқа қақтап өлтіріп тынады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/10/2022)
Просмотров: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: