КӨҢІЛ АШАР Бірде Түркеш күйші атақты Дәулеткерейге қонаққа келеді. Амандық сұрасып, аз-кем шүйіркелескен соң дастарханға отырады. Үй иесі әдеттегідей емес, көңіл күйі жоқ. Осыны түсінген Түркеш: - Төрем, деді. Түркештің «Төрем» дегені Дәулеткерей төре тұқымынан болғаны. – Төрем, көңіл күйіңіз жоқ сияқты. Бізден сізге неңдей пайда болар дейсіз, десе де көмегіміз керек болса айтыңыз. - Рахмет-рахмет. Сол елдің қамы ғой. Өзің білесің, қол астымда бір рулы ел бар. Сол елдің шаруасы. Ағам Бөкей де, оның баласы Жәңгір хан де, өз әкем Шығай да ордалы елге билік етті. Тұсауым кесілгеннен бастап, істерін көріп-біліп жүрдім. Алқалы кеңестерге қатыстым. Бірақ өзің жеке дара билік ету дегенін басқа екен. Алақандағыдай бір қауым рудың өзіне төрелік айтуды айтсаңшы... Жә, Түркеш-ау, өз шаруам өзімде. Алшы қолыңа домбыраны. - Оныңыз рас төрем. Елдің машақатынан көңіліңіз түсіп кетіпті. Сізге арнап бір күй тартып берейін. Көңіліңіз ашылсын, деп Түркеш күйші бір күйді тарта жөнелді. Кейін ел арасында бұл күй «Көңіл ашар» деп аталып кеткен екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы | |
| |
Просмотров: 111 | |
Всего комментариев: 0 | |