Күй аңызы

ҚОСБАСАР

...1930 жылы атақты «Созақ көтерілісі» болған. Тама руының батыры Сұлтанбек Шалақұлы бастаған көтерілісшілер Голощекин саясатына қарсы тұрады, қару жиып ашық соғысқа шығады. Көтерілісте Созақ халқының үштен бірі қырылып қалады. Солардың арасында Сүгірдің де туыстары болады. Бұл күй осы нәубетте қайтыс болған боздақтарға арналған. Бұл жөнінде Мәди Байдаулетов мынадай дерек жазады:

...Сүкеңде бірнеше «Қосбасар» бар. Мұның негізінде Созақ көтерілісінің қа¬сіреті, зұлмат жылдардың мұң-зары жатыр. Алғаш Кеңес үкіметі орнаған кезде билік басындағыларға күйшінің көңілі тәуірлеу болған. Өзі ауылнай сайланады. Бірақ кейін олардың ісі басқаша өріс алып бара жатқанын түсініп, аяғын тартады. Асыра сілтеу асқынған кезде жұрттың малын, жанын тартып алған зорлық-зомбылықтарға жаны күйеді. 1932 жылғы ашаршылықта ел басы ауған жаққа босып, құм-құмның ішінде шегіртке, тасбақа жегенін, бір кездегі бәйбішелердің бұтаның түбінде баласын кеудесіне басып, құшақтаған күйі қатып өлгенін өз көзімен көрген.

Халықтың ашу-ызасы 1933 жылы Созақ көтерілісіне ұла-сады. Сол қақтығыста қарусыз қаншама адам жазықсыз қырылып, қаны судай ағады. Сүкеңнің дос-жарандары, үзеңгілес-құрдастары, ет жақындары мерт болады. «Қосбасар» - осындай қос оқиғаны суреттеген Сүгірдің жан жарасы еді».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/08/2022)
Просмотров: 112 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: