Күй аңызы
ҚОС КЕЛІНШЕК Қожеке Жетісудан қоныс аударып келе жатқанда жолшыбай бір үйге түседі. Ұғыса келгенде ол үйдің иесі қайтыс болып, екі бірдей әйелі жесір отырған болып шығады. Қожеке қос жесірге арнап, табанда бір күй шығарып тартады да, домбыраның қос ішегі арқылы екі әйелге көңіл айтады. Қасындағылар күйдің жағдайын сұрағанда Қожеке «мына қаралы болып отырған қос келіншекке айтылған көңіл, жұбату» деп жауап беріпті. Содан бұл күй «Қос келіншек» аталып кетіпті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 128 | |
Всего комментариев: 0 | |