Күй аңызы

ҚҰЛЖАГЕР

Қабыкейдің Жүніс деген ағасының Құлжагер деген жүйрік аты болған екен. Оның бұлай аталуы құлжаны қуып жетіп ұстаған өрен жүйріктігіне қатысты болған. Халық арасында кең таралған, тіпті кейде халық күйі деп тартылатын Қабыкейдің атақты «Құлжагер» күйі ағасы Жүністің өрен жүйрік құла атының жүрісіне арналған екен.

«Құлжагер» туралы ақын Имашхан Байбатырұлының өлеңі бар:

Құлжагер шыққан жері әсем Бұлғын,

Сол жерде аяқтанып туған құлын.

Жел тұлға, алма мойын, марал құлақ,

Шыққан жоқ ондай жүйрік бұдан бұрын.

 

Арда емген құлынында бұла болып,

Жетілген сүйегіне де, дене толып.

Үйретіп дөненінде құлжа соғып,

Атанды «Құлжагер» деп содан болып.

 

Құлжаны қуған жері Холбан-Салбан

Аяғы ілінбепті тастан, жардан.

Шұрықтың түскенінде жазығына,

Мойнына қуып жетіп арқан салған.

 

Өтіпті иесі де мал теңемей,

Сенбепті естіген ел көзі көрмей.

Қосылып талай арыс жиын-тойда

Жүріпті 23 жыл бәйге бермей».

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (16/05/2022)
Просмотров: 132 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: