Күй аңызы

ӘЛҚИССА

“Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла” деген ұлы Абай ақынның осы бір сөздері Нұрғиса Тілендиевке де қатысы бар сыңайлы. Мен Нұрғисаның “Әл­қиссасынан” осындай үйлестік аңғара­мын. Өйткені, “Әлқисса” сөз басы, ол Н.Тілендиев күйлерінің күй басы.

Ол композитор жүрегінің аманаты, сыры, мұраты. Ол кіріспесі, кіші сағасы, негізгі тақырыбы, қайырмасы, үлкен сағасы, содан негізгі тақырыпқа қайта оралып қайырмаға түсетін ерекше күй.

“Әлқисса” арқылы Н.Тілендиевтің бүкіл шығармасын ойша қайталап, жүрек елегінен өткізіп отырасың. Шертпе күй мен төкпе күй үйлесім тауып, өзіне шақырып отырады. Күйдің ерекшелігі де, құдіреті де осында жатыр. Әлқисса – Нұрғиса! ..

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (04/04/2022)
Просмотров: 150 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: