Күй аңызы

ҚАБАНБАЙ

Баяғы заманда, қазақ хандығы кезінде болған оқиға деседі. Ол кезде петхаус пәтерлер, зәулім коттедждер жоқ қой. Ел ағаларында жеке-жеке ауылы болған. Барлығы жақын ағайыны, қамқорлыққа алған кедейлер. Осындай бір ауыл даңқты Қабанбай батырға тиесілі екен. Жауға кеткенде осы ауылдан шығып, жеңіспен келгелде осы ауылға оралады.

Бір күні ханнан :"Жауға шығамыз, дайындала берсін" деген хабар келеді. Батыр сауыт-сайманын сайлап, нөкерлерін ертіп жолға шығады. Жол жөнекей бас қолға қосылып, ханның жанынан табылыпты.

Ұрыс даласына жеткенде жоңғардың қалың қолын көреді. Сәлден соң "Жекпе-жек, жекпе-жек" деп айқайға салады жоңғарлар. Сөйтіп араларында бір мықтысын шығарады. Ол кездегі салт бойынша, соғыста әскер санын сақтау үшін, екі жақтың ең ептісін шығарады екен. Жеңгені - өз өмірін ғана емес, жанындағы майдандасының да өмірін құтқарады. Жеңілген жақ- айыбын төлеп, артқа шегінеді екен.

Осы салтты жақсы білетін Ер Қабанбай "мен" деп ханнан рұқсат сұрайды да алға шығады. Жекпе-жек басталады. Талай мықтының басын алған Қабанбай батыр осы жолы да жеңістің туын көтеріпті.

Кейін ауылына оралғанда, ағайын жұрты ерекше ықыласпен, сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алған екен.

Мына күй сол кездегі бір сарындардың бірі...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (28/03/2022)
Просмотров: 131 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: