Күй аңызы

БӘТИ ҚЫЗ

Құрақтың Досжаны Сыр өңірінде өмір сүрген, барлық саналы ғұмырын өнерге, оның ішінде күй өнеріне арнап, өлмес мұраны кейінгілерге жеткізген дәулескер күйші. Ол 1878 жылы Қызылорда облысы, бұрынғы Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданының Нағи Ілиясов атындағы ауылда дүниеге келген. Туған атасы Құрақ 4 жасар құймақұлақ Досжанды анасы өмірден өткен соң өз бауырына басып алған. Құрақтың Досжаны аталуы да сондықтан. 8 жасында домбыра тарта бастаған Досжан 12 жасына дейін Сыр бойының көптеген күйшілерінің күйлерін шебер орындау дәрежесіне жеткен. Есейе келе оның есімі Сырдан асып, Арқаға, Қостанай, Торғай, Ақтөбе аймақтарына жайылған. Өз заманындағы дәулескер күйшілер Шал, Мырза, Әлшекей, Қазанғаптардың күйлерін тыңдап өскен ол өзі де күйлер шығарып, артына мол мұра қалдырған. Тереңөзек, Сырдария, Жалағаш аудандарын, Қызылорда маңындағы ауыл-ауылды аралап, халыққа өз өнерін паш еткен. Қарсы кездескен күйшімен күй тартысып, жарысқан. Оған өзінің Бәти қызбен күй тартысы куә бола алады. Осыдан соң дүниеге "Бәти қыз" күйі келген.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (07/03/2022)
Просмотров: 148 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: