Күй аңызы

МАРҒАБЫЛДЫҢ ҚАРАҚАСҚА АТЫ

...Орта жүздің керей мен найман арасында өткен бір тойда үлкен бәйге өтеді. Ол кезде атты бір жұмалық қашықтықтан шаптырады екен дейді. Осы бәйгеге керей руынан шыққан Марғабыл деген қолы қысқа азамат жалғыз қара қасқа атын әкеліп қосады. Найман елінде атағы бар бір бай да бәйгеге Балагер мен Салагер деген екі атын қосады. Балагер мен Салагер де той-томалақта жүлде бермей жүрген айтулы арғымақтар екен. Қайман елі бәйгені керейлер алып кетер деген қызғанышпен қарақасқа атқа кедергі жасамақ болады. Бірақ барлық кедергіні шыбын шаққан құрлы көрмей, көктей өтіп келе жатқан қара қасқа атты ең соңында шідер салып, тобылғыға байлап тастайды. Бәйге аттарының қарасы үзіліп, алыстап кеткен кезде қатты ышқынып тулаған Марғабылдың қарақасқа аты тобылғыны түбімен жұлып шідерін үзі шабады. Ақыры топ жарып жүлделі болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/12/2021)
Просмотров: 199 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: