Күй аңызы

САҒЫНЫШ

Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.

Қарға бойлы Қазтуған атанған әйгілі жорық жырауы, батыр – Қазтуған Сүйінішұлы XV ғасыр шамасында өмір сүрген. Қазтуған – ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы.

Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған, көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Ол Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.

Осы Қазтуған бір авторлық күйі бізге жетті. Күйдің аты Сағыныш (кейде Қоштасу дейді).

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/12/2021)
Просмотров: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: