КӨКБАЛАҚ Көкбалақ (Байжігіт) - қазақ мәдениетінде, қазақ өнерінде жылқы бейнесі ерекше орын алатыны белгілі. Ер қанаты қазанат қазақтың эпосында батырмен қатар аталады. Байырғы және жаңа заман әдебиетінде, дәстүрлі музыка мәдениетінде аттың сыны мен қасиетіне арналған қаншама шығармалар болған. Міне, осындай шығармалардың бірі – Байжігіттің күйі «Көкбалақ». ... Иесі Абылаймен тұтқында бірге болған, кейін тұяғынан от шашып талай ұрыс-соғысқа кірген Көкбалақ тұлпар осындай аңыздық тұлға. Кейіннен ханның күйшісі Байжігіт әйгілі тұлпарға арнап күй шығарыпты. «Көкбалақ» деп аталатын бұл күй қазақтың ішінде әлі күнге дейін тартылады. (Т. Әсемқұловтың мақаласынан үзінді) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 149 | |
Всего комментариев: 0 | |