Күй аңызы

ҚАЗАН

Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі – “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы көбіне “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы” деп тарқан екен.

Жаугершілік заманда, шапқыншылар Қазан қаласының талай рет берекесін алып, жорық ашады.. Сонда қазақтың атақты Шора деген батыры қол жинап, Қазанды азат етпекші болады. Батырына жаны ашыған халқы: “Қазанда қарлы қыс болуы мүмкін, жол ұзақ”- деп Шораға ескерту айтады. Сонда:

“Арғы атамды сұрасаң,
Қарабура Тамамын.
Бергі атамды сұрасаң
Нәріктің ұлы Шорамын.
Мен Қазанға барамын,
Мен Қазанға барғанша,
Қар жаумасын, қан жаусын
,
Қазанды барып аламын” –
деп көп сөзіне құлақ аспай, жолға шығып кетеді.

Шора батыр Қазан қаласын жаулардан азат етіп қайтып келе жатқанда Орал тауларындағы қатты боранда суыққа үсіп, қаза табады. Міне, “Қазан” күйінің “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы” деп таралуының себебі осы.

Қазандағы қырғын соғысты, оны азат ету үшін аттанған Шора батырдың жорығын және жолда болған апатты Ықылас күй желісіне түсірген екен.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (25/10/2021)
Просмотров: 181 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: