Күй аңызы

АЙДАУ

...Бірде Жүніс деген бай сұлулығына қызығып, қалың мал беріп, Сейтектің қалыңдығы Зәбираны алғалы жатыр екен. Сейтек пен Зәбира ымдасып, түнделетіп Қалмақ қырына қашып, таптыртпай кетеді. Осындай сапардан оралған Сейтек Қарабайлы түрмесіне түседі. Одан да қашып шығады.

Осы кезде патша үкіметі езілген таптың жоғын жоқтаушы күрескерлерді халық арасына іріткі салушылар деп атап, адамы жоқ алыс аймақтарға айдау үкімін шығарады. Сондай аса қауіпті, қайратты өжеттердің есебінде Сейтек те бірнеше адаммен 1894 жылдың жазында кенеттен құпия жағдайда Мәскеу түрмесіне жөнелтілді.

Сексен тұтқынды жан-жағына қаратпай кеме трюміне қаматты. Содан бұларды кемемен күншығысқа айдап, қақаған қыста Сахалинге жетті. Онда бой үйрету оңайға түспеген. Дегенмен Сейтек сынды талай тарландар қаһарлы суыққа біртіндеп дағдылана бас­тайды. Түрме тамағына үйренген Сейтек сол жерде де жан азығын іздейді.

Сыңсыған орман ішінде жүріп домбыра жасауға жарайтын томар ағашты таңдайды. Ал домбыраның ең басты негізгі ішегі өз қолында екен. Оны Зәбира көйлегінің етегіне жағалай қабаттап өткізіп берген. Ендігісі – орманнан ағаш таңдау... Ауыр жұмыстан кейін, тынығып жатқан жігіттер алғаш рет қасиетті домбыраның үні төгіліп, күмбірлей жөнелгенде ентелеп бәрі отырыса қалады. Жұмыстан кейінгі уақытта бәрінің ермегі домбыра болды. Сейтекті жанындағылар бұрын да сыйлайтын, енді ерекше құрметтейтін болды. Тағдырластар, әсіресе, кештерде кезектесіп, сазгердің домбыра ойнауын сұрап өтінеді. Сейтек өз туындыларымен бірге Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін де құйқылжытатын. Осы жерде Сейтек «Айдау», «Түңіл­дім», «Арман» күйлерін шығарады...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/10/2021)
Просмотров: 170 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: