Күй аңызы

ЖАЯУ ДЕЛДАЛ

Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының назды қоңыр үнін ести-ести жылқылары да сыбызғы дауысына әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда өрісте жатқан жылқылары шұрқырап қораға келеді екен.

Күндердің бір күнінде ұрылар тобы келеді де байдың жылқысын айдап кетеді. Бай ұры айдап кеткен жылқыларының ізіне түсіп артынан қуады. Бірақ көзіне ештеңе шалына қоймайды. Жылқысының қарасын көре алмай торыққан бай бір төбенің басына шығып алып, дағдысына басып сыбызғысын тартады. Ұры қолында иіріліп айдалып бара жатқан жылқы сыбызғы дауысын естіп ұрылардың қайыруына бой бермей қашып, сыбызғы тартып отырған байдың қасына келеді. Таң-тамаша болған ұрылар жылқының соңынан қуа келсе, қалың жылқы байды қоршап тұрғанын көреді.

Ашуланған ұрылар байдың қолын байлап тастайды да сыбызғысын бөліп лақтырып жіберіп, жылқыны айдап жүре береді. Қолы байлаулы бай жүріп отырып үйіне келіп, «дел-дал» болып отырып осы күйді тартыпты-мыс.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/09/2021)
Просмотров: 159 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: