Күй аңызы

СЕРПЕР

Зерттеушілер бұл күй жайлы мынадай пікір айтады. «Серпер - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма». Күйдің шығу тарихы жайында нақты дерек жоқ. Дегенмен ел арасында келесі аңыз айтылады.

Құрманғазы ел аралап жүріп, бір ауылға түседі. Үйдің иесі қонағын төрге шығарып, өзі ас-ауқат дайындау үшін сыртқа шығып кетсе керек. Құрекең жан-жағына қарап, көзі бірден ілулі тұрған домбыраға түседі. Қолына алып, құлағын келтіріп, қайта орынна іліпті. Сәлден кейін үйге қожайынның қызы кіріп, домбыраның басқаша ілулі тұрғанын көреді. Қолына алып қараса, құлақ күйі өзгеше.

- Домбырамды кім алған, деп жан-жағына қарайды. Ата-анасы қонаққа жалтақтап қояды. – Менің рұқсатымсыз, домбыраны ешкім де тиіспеген, енді өнеріңізді сынайық, егер осал болсаңыз, айыбыңыз дайын тұрсын, дейді де домбырада бір күйді тарта жөнеледі. (Ондағысы «менің шамамды қара, мықты болсаң аса түс» дегені)

Күй соңына дейін үнсіз отырған Құрманғазы, «Қарағым, күйдің оғын емес, боғын тарттың ғой» деп қызға қарайды. Бәрі аң-таң. Қыздың өнеріне осы күнге дейін осындай баға берген ешкім де болмапты. Жауап күтпей, Құрманғазы домбыраны өзі алып, бір күй тарта жөнеледі.

Күй аяқталғанда үй иесі «Айналайын, бұл аймақта мына қызымнан асқан күйші жоқ еді. Өзің шебер екенсің. Қызылқұрт елінде Құрманғазы есімді алапат күйші бар деп естіп едік. Сол күйші өзің боларсың-ау» дейді.

Құрманғазы ақырын ғана «Болсақ болармыз» деп қысқа қайырыпты. Ел ішіндегі аңыз бойынша Құрманғазы сол кезде «Серпер» күйін орындаған екен.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/07/2021)
Просмотров: 187 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: