Күй аңызы

ҚОҢЫР

Қоңыр. Әбікен Хасеновтің күйі. 1938 жылы Сәкен Сейфуллин атылғанда шығарған жоқтау күйі. Әбікеннің «Қоңырды» шығаруына байланысты ауызша-жазбаша деректер әртүрлі. Бір деректе Әбікен бұл күйді ашаршылық жалмап кеткен сүйген жары мен төрт баласын жоқтап шығарған деседі. Екінші бір деректе Сәкен атылғанда қайғыға түсіп шерткен деп айтылады. Үшінші деректе 1958 жылдың 22 ақпанында Сәкеннің ақталғаны туралы Қазақстан КПОК шешімі шыққанда жан досын есіне алып, егіліп отырып шерткен еді дейді. Тағы бір деректе Әбікен өз елінің Шәкен деген қызын алып, одан Ермек деген баласы дүниеге келгенде қатты қуанып, осы «Қоңырды» арнап тартқан дейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/07/2021)
Просмотров: 181 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: