Күй аңызы
НАРАТУ «Нарату» (кісі аты) күйі Сырым Датов көтерілісіне байланысты шығарылған. Он сегізінші ғасырда болған осы көтеріліске Адай руынан шыққан Зілғара батыр қатысады . Өзінің орасан күштілігі елге аңыз болған Зілғара батыр нар түйені көтереді екен, сол үшін оны жұрт Нарату деп атап кеткен. Осы батырдың бір ұрыста атына оқ тиіп жаяу қалады. Сонда да соғысып, көп әскерді жалғыз өзі оғы біткенше бірнеше күн ұстайды. Абыл күйін осы батырға, оның ерлігіне арнайы шығарады. (А. Жұбанов. Ғасырлар пернесі) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 157 | |
Всего комментариев: 0 | |