Күй аңызы

САЛЫҚ ӨЛГЕН

Оны Дәулеткерей мезгілсіз қайтыс болған жиені Салық Бабаджановтың рухына арнаған. Мұрағат деректеріне сүйенсек, Салық өз заманындағы аса білімді, зиялы адамдардың бірі болған. Ол ұлы Шоқан Уәлиханов сияқты Орынбор кадет корпусын бітірген, хорунжи әскери атағы болған, ғылыми еңбектері үшін Ресей географиялық қоғамының мүшелігіне қабылданған.

Ол Орынбордың кадет корпусын бітіріп, елге келіп Уақытша Кеңесте істеп жүрген кезінде, шаруалардың қамқоры болып əкімдермен біраз таласты. Ал Петерборға барғанда тоқыма өндірісі, электр тағы басқа жаңалықтармен танысып, солардың қазақ даласына алып келуді арман етті. Бірақ жас талапкердің өмірі ұзақ болмады.

Дәулеткерей туысын ерекше құрметтеп, оған үлкен үміт артқан, бірақ белгісіз жағдайлармен ол кенеттен қайтыс болады. «Салық өлген» - Дәулеткерейдің ең қайғылы күйлерінің бірі.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/06/2021)
Просмотров: 168 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: