Күй аңызы

ӘЛҚИССА

- Әкел, әкел бері көрейін, - деп оқыс қимылмен нәрестені қолына алды. Салиханың далада босанып қалғанын естігенде:

- Оқасы жоқ. Далада туса – көңілі даладай кең болады, - деді де шарананы құшырлана иіскеп, орауын жазды.

- Өй, мынауыңның тікірейген шөнәйі бар ғой. Ұл екен. Ұлым менің, - деп іргеде ілулі тұрған домбырасын алып, нәрестені оның шанағына жатқызған қалпы қаумалап тұрғандарды бұза-жара тысқа беттеді. Домбыра мен нәрестені басынан асыра жоғары көтерген күйі айбарлы Алатауға қарап:

Қыз дегенім – құр болды
Балам менің ұл болды
Алланың сыйы, қайтейін
Кеудеме менің нұр толды,
- деді толқып.

 – Ей, Алатау! Балам сен сияқты асқақ та айбынды болсын. Жиектей созылған сәуледен балама нұр түсті. Осы нұрың таймасын. Күні – нұрлы, көңілі – жырлы болған. Балам нұрланып жүрсін. Қыз есімі дей көрме. Қыз бала сағынған үмітім ғана. Айтқанымнан қайтпан. Есімін тумай жатып Нұр құйса екен деп тілеп едім. Енді міне Нұрғиса қойдым. Айтқанымнан қайтпан. Нұр түссін, нұр төгілсін, нұр құйылсын! Балам – Нұрғиса.

«Нұрғиса Тілендиев. Ғұмырнамалық деректі хикаят» кітабынан алынды. Құрастырғандар Ж. Шәкәрім. Д. Тілендікеліні.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/06/2021)
Просмотров: 181 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: