Күй аңызы
ТЕРІСҚАҚПАЙ Әлшекейдің күйі. Аңызы былай баяндалады: ...Қоңыраттың Құйысқансыз деген ауылында жесір дауы болыпты. Дауды Нұржан деген қыңыр би теріс шешеді. Жазықсыз жапа шеккен жесірдің көз жасы елдің сай сүйегін сырқыратады. Сол дауды көзімен көріп, әділетсіз биге налыған Әлшекей топ алдына шығып, ащы, ызалы шертіске басады. Сонда әлгі би тұрып: -Бұрауың теріс, шертісің қисық екен, - дейді. Әлшекей оған: -Иә, би қисық болғанда, күй қалай түзу болушы еді, - деп жауап береді. Күй осылай туған екен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 172 | |
Всего комментариев: 0 | |