ЖЕТІМ ҚЫЗ Жарқын Шәкәрім мақаласынан үзінді: ... Әркімдердің аузынан Аққыздың «Қосбасары» бар дегенді естіп: «Бұл кім болды екен?» деп ойға қалатынбыз. Ақыры сұрай-сұрай облысымыздың Ақтоғай ауданына қарасты «Қаратал» совхозында тұратын күйші Аққыз әжейдің үйіне келдік. Амандықты сұрасқаннан кейін ол: - Келін шырағым, домбыраға қол жалғап жіберші, - деп өзі де малдасын құрып жіберіп, кимешегін ыңғайлап алды да, үкілі домбырасын қолына алып шерте жөнелді. Күйші бір нәрсені еске түсіргендей ақ ойлана бір жерге қадалып қалыпты. Домбыраны еркін билеп алған салалы саусақтары бейне бір нәзік ғажайып үндер арқылы бар сырды ақтарып, көңілге құйып жатқан тәрізді. Осы күйі туралы Аққыз шешей былай дейді: - Той десе қу бас домалайды емес пе, ойын-сауық десе мен де домбырамды арқалай жөнелетінмін. Мына, өзіміздің Қали, Манарбектер сияқты сылқылдаған әнші жігіттер мені қояр да қоймай, ойын-сауықтың ортасына әкелетін. Қыз күнімнен домбыраға әуестеніп, күйші атанып жүрдім. 1932 жылдың ауыр қысы келді. Жаңа түскен келін едім. Артымнан туған анамның қайтыс болғаны туралы хабар да келді. Ендігі жерде менің сүйенішім тек қана домбыра болды. Ойланып көп отырып, домбыра үні арқылы зар-мұңымды білдіретінмін. Осы тартқан «Жетім қыз» атты күйім сол бір жылдардың қалдырған ізі... әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 192 | |
Всего комментариев: 0 | |