Күй аңызы

МАЙДАҚОҢЫР

Сүгiр жас кезiнде бозбалалықпен сауық-сайран құрған, қыз-қырқын жиналған жерде өнерімен елді баурап алатын сері болған екен. Қаратаудың бауырындағы «Қарағұр» деген ауылда сол елдің өзі ақын, өзі домбырашы қызы Айғаным сұлумен таныс болады.

Айғаным болса сол төңіректегі қоңыраттың төрт биінің бірі болған Жетімдер руынан шыққан Алдаштың қызы. Сүгір де осал жерден емес, Таманың ішіндегі Әліптің еркесі.

Ақыры екі жастың көңілі жарасқан соң ата салтымен екі жақ құдандалы болады. Ел болып отыз күн ойын, қырық күн той болады. Алайда тағдыр ісіне не шара бар? Айғаным сұлу аяғы ауыр болып, қуаныш күтіп жүргенде босана алмай қайтыс болады. Сүгір сол қайғыны ішіне бүгіп көп жүрді дейді. «Майдақоңыр», «Назқоңыр» күйлері сонда шыққан екен. Алғашқысы - жоқтау болса, екіншісі - тоқтау күй.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (29/03/2021)
Просмотров: 189 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: